Тайынша ауданына жұмыс сапары аясында Солтүстік Қазақстан облысының әкімі Айдарбек Сапаров «Тайынша көпбейінді ауданаралық ауруханасы» ШЖҚ КМК-да болды. Тайынша КАА директоры Мақсат Мадярұлы Құдратуллаев облыс әкімін аурухананың жұмысы мен 2023 жылға арналған жоспарларымен таныстырды

Айдарбек Сапаров Мемлекет басшысының Жолдауына ерекше назар аударды.Осылайша, іске асыру барысында Тайынша ауруханасында 01.12.2022 жылы жаңа КТ аппараты орнатылды. Енді жақын аудандардан келген емделушілер компьютерлік томографиядан өту үшін Петропавл қаласына барудың қажеті жоқ. Аурухананы аралау барысында облыс әкімі Тайынша көпбейінді аудан аралық ауруханасының жас мамандарымен сұхбаттасты.Тайынша әкімдігіне дәрігерлер мен медбикелерді одан әрі тарту үшін барлық жағдайды жасау тапсырылды. Кездесу соңында естелік ретінде ортақ суретке түсті.

22.12.2022
Қараулар: 814
coronavirusЛичный кабинет пациента Личный кабинет пациентаАкорда Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігі «БЖЗҚ» АҚ Antikor Премьер egovОфициальный интернет-ресурс Северо-Казахстанской областиӘділетruh.kz