2025 жылғы 10 қыркүйек күні Тайынша ауданы Қоғамдық кеңесінің мүшелері, аудандық ардагерлер кеңесінің және «AMANAT» партиясы аудандық филиалының өкілдері мониторинг түрінде халыққа Тайынша КАА-мен көрсетілетін мемлекеттік қызметтер сапасын бағалады. Қоғамдық бақылау барысында директордың медициналық бөлім жөніндегі орынбасарының міндетін атқарушы А.С. Нұрымбеков және ұйымдастыру-әдістемелік бөлімінің дәрігері С.Ж. Әбдікәрімов кездесуге қатысушыларға, халыққа мемлекеттік қызмет көрсету сапасын арту әрбір мемлекеттік органның, соның ішінде Тайынша көп бейінді ауданаралық ауруханасының қызметіндегі маңызды басымдық болып табылатыны жайында айтты.
2025 жылдың 8 айының қорытындысы бойынша Тайынша КАА мемлекеттік көрсетілетін қызметтің 16 түрі бойынша 253160 мемлекеттік қызмет көрсетті. Халықты мемлекеттік қызметтерді көрсету және оларды алу мүмкіндігі туралы «Facebook» әлеуметтік желісі платформасын қоса алғанда, халықты ақпараттандыру бойынша жоспарлы жұмыс жүргізіледі.
Қызметтерді уақтылы және сапалы ұсынуды қамтамасыз ету үшін, мемлекеттік орган қызметкерлері мен көрсетілетін қызметті алушылар байланысын барынша азайтуды қамтамасыз ететін, мемлекеттік қызметтер көрсету рәсімін, «электрондық үкімет» веб-порталы арқылы баламалы негізге көшіру бойынша тұрақты негізде жұмыс жүргізіледі.
Оның үстіне, электрондық цифрлық қолтаңба болған жағдайда, қызметтерді алу үдерісін жеңілдету мақсатында, әрбір клиенттің электрондық қызметті өз бетінше немесе аурухана қызметкерінің көмегімен ала алуына өзіне-өзі қызмет көрсету аймағы бар және жұмыс істейді.
Сондай-ақ, өзіне-өзі қызмет көрсету аймағы, дәрігерге дейінгі тексеру, ақпараттық стендтер, терминалдар орналасқан емхананың бірінші қабатына демонстрациялық тексеру жүргізілді. Сонымен қатар, қоғамдастықтар емхананың мүмкіншіліктері шектеулі адамдар үшін қолжетімділік талаптарына толық сәйкестілігіне көз жеткізді. Жалпы алғанда, Тайынша КАА-ның халыққа мемлекеттік қызмет көрсету бойынша жұмысы қоғамдастықтар тарапынан оң бағаланды. Кездесу барысында анықталған кемшіліктер емхана басшылығының бақылауына алынды.
Қараулар: 33