Жария ету — болашаққа жол

2014 жылғы 01 қыркүйекте елiмiзде «Қазақстан Республикасы азаматтарының, оралмандардың және Қазақстан Республикасында тұруға ықтиярхаты бар тұлғалардың мүлiктi жария етуiне байланысты оларға рақымшылық жасау туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес ресми түрде капитал мен мүлiктi жария ету басталды.

Мүлiктi жария ету дегенiмiз — табысты жасыру мақсатында заңды экономикалық айналымнан шығарылған және (немесе) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес ресiмделмеген не тиесiлi емес тұлғаға ресiмделген мүлiкке құқықтарды мемлекеттiң тану рәсiмi.

Ел Президентi Н.Ә. Назарбаев мүлiктi жария етудiң соңғы мүмкiндiгiн пайдалануға шақырды және жария ету бойынша өткiзiлiп отырған науқан соңғы болатынын хабарлады.

«Бұған дейiнгi талпыныстарға қарағанда бұл науқан жалпыға бiрдей дерлiк мағлұмдау енгiзiлгенге дейiн әрекет етуi тиiс. Бағдарламаның жылдамдығын, құпиялылығын, объективтiлiгiн, нарықтылығын қамтамасыз ету қажет», — дедi Мемлекет Басшысы.

Қазақстанда жария ету екi мәрте өткiзiлдi. 2001 жылы ақшаны жария ету өттi. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлiгiнiң деректерi бойынша оның барысында заңды айналымға 480 миллионнан астам АҚШ доллары қайтарылды.

2006-2007 жылдары ақшадан басқа жылжымалы және жылжымайтын мүлiк те жария етiлдi. Ақша түрiнде науқаннан түскен пайда шамамен 845 миллиард теңгенi немесе 7 миллиардқа жуық АҚШ долларын құрады, яғни сол жылдың ЖIӨ-iне шаққанда 8,3 пайыз болды. Екiншi науқанның тағы бiр ерекшелiгi жария еткенi үшiн алым жиналды. Соның арқасында ел бюджетiне шамамен 60 миллиард теңге түстi.

Бұл жария ету науқанының ерекшелiгi — жария ету науқанының бiрiншiсiнде тек банк шоттарындағы ақшаны, екiншiсiнде мүлiк пен ақшаны көрсету мақсаты көзделсе, бүгiнгi жария ету науқанында жария етiлетiн ақшалар табыс болып танылмайды, оларға ешқандай салық салынбайды, бiрақ бұл ақша банк шоттарына түсуi және экономика барысында, атап айқтанда бес жыл iшiнде жұмыс iстеуi керек немесе олар заңды инвестициялық құралдарға жiберiлуi мүмкiн.

Жария ету нәтижелерiнен мемлекет сыртқы және iшкi қор көздерiнен жұмыс iстемейтiн қаражат түсiмiн күтуде, ол экономиканы кредиттеудi арттыруға, көлеңкелi айналым көлемiн азайтуға негiз болады, сондай-ақ Қазақстан азаматтары үшiн де, жалпы ел экономикасының дамуы үшiн оң әсер ететiн бюджет түсiмдерiнiң ұлғаюына ашады.

29.04.2016
Қараулар: 106
coronavirusЛичный кабинет пациента Личный кабинет пациентаАкорда Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігі «БЖЗҚ» АҚ Antikor Премьер egovОфициальный интернет-ресурс Северо-Казахстанской областиӘділетruh.kz