1 наурыз «Алғыс айту» күні — Қазақстан халқын мәңгілікке біріктіруге бағытталған, қазақстандық бірегейліктің негізгі арқауы — еліміздегі барлық ұлт пен ұлысты бір шаңырақ астына топтастыратын Қазақстан халқы Ассамблеясының күні. Тағдыр тәлкегімен Қазақстанға қоныс аударған түрлі этнос өкілдерін қазақ халқы құшақ жая қарсы алып, басқа түскен ауыртпашылықты бірге көтере білді. Сондықтан Алғыс айту күнін тарихқа тағзым ету деп түсінуге де болады. Бүгін Тәуелсіз Қазақстанды құру жолында ерінбей еңбек етіп, маңдай терін төккен ел азаматтарының бір-біріне құрмет білдіретін күн.
Бүгін Тайынша көп бейінді ауданаралық ауруханасының мәжіліс залында мерекелік жиын өтті. Жиынға «Nur Otan» партиясының Тайынша аудандық филиал төрағасының бірінші орынбасары С.М. Бекшенов, Аудандық ардагерлер кеңесінің төрайымы Н.В. Попова, Тайынша көп бейінді ауданаралық ауруханасының бас дәрігері А.П. Рафальский және медициналық қызметкерлер қатысты. Мерекелік шараны бас дәрігер А.П. Рафальский құттықтау сөзбен ашты. «Nur Otan» партиясының Тайынша аудандық филиал төрағасының бірінші орынбасары С.М. Бекшенов өз кезегінде Ж.Ж. Бинашев, Г. Бажай, С.Н. Мысягина, Х. Әскерхан, Ж.Э. Цымбал, Е.С. Лыскина, О.А. Зель, Т.А. Шепелева атты қызметкерлерге «Nur Otan» партиясының Солтүстік Қазақстан облыстық филиалы төрағасының бірінші орынбасары А. Рахметованың атынан алғыс хатпен марапатады. Аудандық ардагерлер кеңесінің төрайымы Н.В. Попова медицина саласында көп жылдары адал еңбек еткен А.Т. Раева және И.И. Островская «Еңбек ардагері» медалімен марапаттаса, К. Ахметжанова мен Д. Умбетова сыйлықтарға ие болды. Дәрігерлер мен медбикелерге өз алғыстарын емдеушілерде Людмила Шандра, Сабира Мадиева арқылы жеткізген болатын. Алғыс айту күні аясында көпбалалы ана Іңкәр Әлжан және Сабира Мадиева сынды адамдарымыз тұңғыштарын дүниеге әкелген жас аналарға өз тілектерін айтып, алғыстарын білдіріп ақ орамал тақты. Осы дүниеге дені сау сәбиді алып келген және еліміздің демографиясын өсуіне үлес қосқан үшін алғыстарын білдірді.
Қараулар: 2578