«Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры» коммерциялық емес акционерлік қоғамының мәліметтері бойынша медициналық тапсырысты орналастыруға бір мың алты жүзден астам денсаулық сақтау нысаны қатысып жатыр. Оның 45 пайыздан астамы – жеке меншік клиникалар. Бұл 2017 жылғы көрсеткіштен екі есе көп.
Әлеуметтік медициналық сақтандыру қорының Солтүстік Қазақстан облысының филиалымен медициналық ұйымдар мәліметтерінің базасы құрылды, ол былтырғы жылмен салыстырғанда 23% өсті, және оның 45% жеке меншік медицина ұйымдары. Барлығы мәліметтер базасында 58 денсаулық сақтау субъекті бар.
Яғни, жеке меншік клиникалар Қордың бастамасын қолдап, медициналық қызметтерді орналастыруға құжат өткізу жұмыстарына белсенді түрде қатысып жатыр деген сөз.
Есте сақтайтын мәселе: жеке меншік клиникалар да, мемлекеттік емдеу мекемелері де бюджет қаржысын орналастыруға мынадай категориялар бойынша қатысады:
1. Стационарлар
2. Емханалар
3.Қызметтің жекелеген түрлерін көрсететін қосымша атқарушылар (зертханалар, аясы тар маман дәрігерлер кеңестері т.б.).
Қор түскен өтініштерді желтоқсан айында сараптайды. Медицина ұйымдарын бірнеше көрсеткіш бойынша бағалау жоспарланып отыр. Олардың арасында кадрлар құрамы мен материалдық-техникалық жабдықталу деңгейі, соңғы 3 жылда атқарған қызметіне қатысты негізгі көрсеткіштер, расталған, негізі бар шағымдар т.б. көрсеткіштер бар. Сараптама нәтижесінде қандай медицина ұйымдарының тиісті деңгейде қызмет көрсете алатынын, қайсыларының оған шамасы жетпейтінін анықтауға болады. Бірақ мемлекеттік клиникаларға да, жеке меншік ауруханалар мен емханаларға да тең жағдай жасалады.
Медициналық сақтандыру қорының үдерістегі негізгі мақсаты – медициналық көмектің қолжетімділігін және сапасын қамтамасыз ету.
20 қарашадан бастап Солтүстік Қазақстан облысында денсаулық сақтау субъектілерінің арасында тегін медициналық көмектің кепілдендірілген көлемі (әрі қарай-ТМККК) шеңберінде медициналық қызмет көлемін таңдау және орналастыру бойынша комиссия өз жұмысын бастады. Комиссияның негізгі міндеті мыналар: тіркеу кампаниясының қорытындысын жасау, денсаулық сақтау субъектілерінің медициналық көмек көлемін орналастыруға өтініштерін қарастыру. Сонымен қатар, комиссия мүшелері Солтүстік Қазақстан облысының медицина ұйымдары арасында медициналық қызметті талдау, жоспарлау және орналастыру сұрақтарын қарастырады. Комиссия келесі принциптерді басшылыққа алуы тиіс: ашықтық, ақпарат айқындығы, медициналық қызметті сатып алудың нәтижелілігін үшін жауапкершілікті және бәсекелестікті қамтамасыз ету. Комиссия құрамы Комиссия туралы Ереженің талаптарына сай құрылған. Комиссия құрамына денсаулық сақтау басқармасы басшысының орынбасары, үкіметтік емес ұйымдар, медициналық қызметті тұтынушылар құқығын қорғау, «Атамекен» ұлттық кәсіпкерлер палатасы (ҰКП), денсаулық сақтаудың салалық Ассоцияциялары және медицина қызметкерлерінің кәсіби одақтарының өкілдері енгізілген.
Медициналық қызметтердің барлық қызмет берушілерінің бірдей шарттары меншіктік нысанынан басқа да медициналық көмектің сапалы да қауіпсіз қол жетімділігі принциптеріне негізделген сатып алу жоспарының стратегиялық құрылымы үшін әдістемені жасау мақсатында әлеуметтік медициналық сақтандыру қорының СҚО бойынша филиалы базасында жұмыс тобы құрылды.
Жұмыс тобының мүшелері сараптамалық және талдау жұмысымен айналысып, комиссия мүшелеріне материал дайындауда. Бұл материал халықтың медициналық көмекке дәлелденген тиімділігімен тең қол жетімділігін қамтамасыз етеді және кепілдіктер мен міндеттемелер теңгерімділігіне негізделген медициналық көмекті сатып алуды жүзеге асырады.
«ӘМСҚ» КЕАҚ Солтүстік Қазақстан облысы
бойынша филиалының халықты
ақпараттандыру және өтініштерді қарау
жөніндегі бөлім
Қараулар: 536