2025 жылғы 13 мамыр күні «Тайынша КАА» ШЖҚ КМК-да репродуктивті денсаулықты қорғауға арналған «Ашық есік күні» өтті. Осы іс - шара шеңберінде отбасын жоспарлау және репродуктивті денсаулық мәселелері бойынша бейінді мамандарды (акушер-гинеколог, терапевт дәрігер немесе ЖПД) тарта отырып консультациялар өткізілді.
Отбасын жоспарлау кабинетінде «Гравидаралды дайындық» дәрісі өтті.
Әңгімелесулер өтті: «Тууға дайын болу уақыты!», «Халықтың репродуктивті денсаулығын қорғау». Тайынша қаласының № 3 орта мектебінде әр қыз бала өз денесі жайында не білуі керек, етеккір денсаулығы: норма және дабыл қағу сигналдары, дене және өзін-өзі құрметтеу тақырыбына сынып сағаты және «Салауатты өмір салтын насихаттау» туралы әңгімелесу жүрді.
13 мамыр күні Тайынша КАА-да төмендегі тақырыптар бойынша дәрістер өтті:
📌 «Тууға дайын болу уақыты
📌 «Гравидаралды дайындық»
📌 «Халықтың репродуктивті денсаулығын қорғау» ҰБТ
📌 »Салауатты өмір салтын насихаттау»
📌 «Әйелдер денсаулығы».
«Салауатты өмір салтын насихаттау», «Халықтың репродуктивті денсаулығын қорғау», «Әйелдер денсаулығы» буклеттер, жадынамалар таратылды.
Қараулар: 32