ҚАЗАҚСТАННЫҢ ДЕНСАУЛЫҚ САҚТАУ МИНИСТРЛІГІ ДӘРІ-ДӘРМЕККЕ БАҒА ҚАЛЫПТАСТЫРУ ЖҮЙЕСІН ҚАЙТА ҚАРАУДА

Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі дәрі — дәрмектердің шекті бағасын реттеу тетігін ауқымды түрде қайта қарауда. Бүгінде Қазақстанда шамамен 6 000 дәрілік зат тіркелген.

📉 Мақсат – препараттардың бағасын төмендету, олардың қолжетімділігін арттыру және пациенттердің қаржылық жүктемесін азайту.
📌 Не өзгереді:
▪️ Жаңа тәртіп ТМККК және МӘМС шеңберінде тегін берілетін дәрілерді де, дәріханаларда сатылатын препараттарды да қамтиды.
▪️ Мемлекеттік тізбеде (амбулаториялық және стационарлық ем) бағалар 19%-ға дейін төмендетіледі.
▪️ Дәріханалар сегментінде — 30%-ға дейін.

📊 Негізгі көрсеткіштер:
— ТМККК мен МӘМС тізбесінде: 3475 дәрінің және 2917 медициналық бұйымның атауы
— Көтерме-бөлшек саудада: 5936 дәрілік препарат


📉 Бағаның орташа төмендеуі:
— 2222 дәрінің атауы — 18%-ға дейін
— 1847 медициналық бұйымның түрі — 14%-ға дейін
— дәріханаларда 5492 дәрі-дәрмек — 30%-ға дейін


📦 Бағаларды есептеу кезінде ескерілді:
▪️ Шығару түрі, дозасы, концентрациясы және көлемі
▪️ 10 референт елдегі бағалар: Әзірбайжан, Беларусь, Болгария, Венгрия, Қырғызстан, Польша, Ресей, Словения, Түркия, Өзбекстан
▪️ Navlin Price & Access Data халықаралық деректер базасы

💊 Қазақстандық өндірістегі препараттар үшін ұқсас импорттық дәрілердің бағалары есепке алынды.
🛡 Бағаның негізсіз өсуін және әділетсіз әрекеттерді болдырмау үшін тұрақты мониторинг жүйесі енгізілуде.
⚖️ Жаңа тәсіл дәрі-дәрмек нарығын ашық етеді, ал медициналық көмекті ел азаматтары үшін қолжетімді қылады.

26.05.2025
Қараулар: 139
Личный кабинет пациента Личный кабинет пациентаАкорда Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігі «БЖЗҚ» АҚ Antikor Премьер egovОфициальный интернет-ресурс Северо-Казахстанской областиӘділетruh.kz