15 мамыр Е.Шайкин атындағы лицей мектебінің жоғары сынып оқушылары үшін сыбайлас жемқорлық қызметі сияқты әлеуметтік құбылыстың азаматтық – құқықтық аспектілеріне арналған "Адалдық пен әдептілік — мінез — құлық нормасы" әңгіме — диалогын өткізді. Бұл іс-шараның мақсат — жас ұрпақты сыбайлас жемқорлыққа қарсы дүниетанымға тәрбиелеу және сыбайлас жемқорлыққа қарсы тұру бүкіл қоғамның, атап айтқанда әрбір адамның ісі екенін түсіну.
Библиограф Қ.Ж. Аманжолова сыбайлас жемқорлықтың пайда болу тарихы туралы айтып, сыбайлас жемқорлықтың пайда болуының негізгі себептерін және оның жағымсыз салдарын атап өтті. Сабақ барысында оқушылардың назары сыбайлас жемқорлық біздің өміріміздің әртүрлі салаларына тереңірек еніп, елдің экономикалық саясаты мен даму стратегиясын бұрмалап, мемлекеттік бюджет пен мемлекеттік меншікті тікелей немесе жанама ұрлауға әкелетініне аударылды. Іс-шараның нысаны "Адал өмір сүру керек!» көрмесі болды.
Қараулар: 55