Назар аударыңыз! АМСК мамандары үшін папиллома вирусының алдын алу туралы ақпарат

Алдын алу вакциналары

Әр түрлі үлгідегі АПВ қарсы алдын алу вакциналары, түймешік ісік экзофиттерін, сарпай ауруларын, қынап, еркек жыныс мүшесі, және де мүмкін анал тесігінің әр түрлі ісік ауруларының ЖМО-ның алғашқы алдын алу әдістерін қамтиды. Вакциналар көптеген елдерде тіркелген, соның ішінде Ресейде; кейбір елдердің ұлттық күнтізбелеріне енгізілген; Еуроодақ, АҚШ, Австралия елдерінде 10-13 жастағы қыз балаларға алдын алу вакциналары үшін бекітілген. Осындай вакцинациялаудың мақсаты – жыныстық өмір басталғаннан кейін қоздырғышпен байланысқан сәтінде жасөспірімдердің иммундық жүйесіндегі АПВ анықтап содан кейін жойылуына көмектесіп, осылайша індет жұқтырған кезде клиникалық белгілердің дамуына жол бермеу.

Қазіргі уақытта көптеген оңтүстік әлем елдерінде Merck Sharp & Dohme компаниясы шығарған «Гардасил» төртбұрышты вакцинасы тіркелген, бұл вакцина АПВ 16, 18, 6, 11 түрлеріне қарсы тиімді, демек – ЖМ дисплазиясына және ісікке қарсы, сарпай, қынап (CIN I-III, VINII-III, VaIN ІІ-ПІ) және сыртқы жыныс ағзаларының экзофиттік кандиломаларына да қарсы тиімді. Ресейде бұл вакцина әйел және ер адам тұлғаларына қолдану үшін лицензияланған.

«Церварикс» (компания-өндіруші – GlaxoSmithKline) АПВ – ның 16-шы және 18-ші типтеріне қарсы басқа қосвалентті вакцина қолдану үшін қолжетімді және, 25 жасқа дейін әйел тұлғаларына қолдану үшін РФ аумағында лицензияланып тіркелген. Жыныстық өмірді бастағанға дейін заманауи вакциналарды егудің барынша тиімді екенін ерекше айту қажет, яғни, вируспен байланысқанға дейін. Олардың емдік қасиеті жоқ.

Екпе нұсқалары

Қазіргі уақытта 16 және 18 АПВ-нан қорғайтын екі екпе бар, олар ең аз дегенде 70% жатыр мойнының ісік ауруларын тудыратыны бәріне белгілі. Сонымен қатар, бұл вакциналар жатыр мойнының ісігін тудыратын басқа АПВ-ның аз таралған түрлерінен айқас қорғанышты қаматамасыз ете алады. Сонымен қатар осы вакциналардың бірі, аногенитальді түймешік ісікті тудыратын АПВ-ның 6 және 11 типтерінен қорғайды. Адам денесінде болатын папиломма вирусындағы екпелерде басты капсидтік L1 ақуыздары болады, олар (VLP) вирус тәріздес бөлшектерге өздері жиналады. Бұл бөлшектерде вирустық генетикалық мәлімет болмайды, сондықтан жұқпалы емес. Қазіргі уақытта Ресей Федерациясында папиломма вирусының жұқпасына қарсы 2 вакцина тіркелген: «Гардасил» вакцинасы және «Церварикс» вакцинасы. Вакциналарда көп таралған онкогендік және онкогендік емес АПВ болады. Біздің елде АПВ-нан екпелерді зерттеп тіркеу, жатыр мойын ісігін бастапқыда алдын алу мүмкіндігін анықтады.

Екпенің мақсаттары мен қағидалары

Жатыр мойны ісігі Адам денесінде папиломма тудырады, вирус әлемде жиі кездесетін ісіктің төртінші түрі болып табылады, барлық жағдайда осы ісіктен 7,5% әйел заты көз жұмады.Қазіргі кезде АПВ-нан туындаған індетті емдеу үшін дәлелденген және тиімді әдістері жоқ, сондықтан осы індеттің алдын алудың жалғыз тәсілі вакцинациялау болып табылады. Екпені төрт рет жасайды. Бірінші және екінші екпенің арасы – екі ай, екінші және үшіншінің арасы – төрт ай болу қажет. Бірақ тығыз тәсілмен де жасауға да болады: екіншісін – бір айдан кейін, үшіншісін – екіншісінен кейін екі айдан кейін салуға болады. Жасөспірімдерді вакцинациялау міндетті түрде ата-анасының рұқсатымен жасалады.

АПВ-на қарсы екпе сызбанұсқасы

Вакцинациялаудың стандартты курсы үш екпеден тұрады: Вакцина Стандартты схема Жеделдетілген схема Гардасил® 0-2-6 ай 1-ші – таңдалған күн, 2-сі –  бірінші мөлшерден кейін 2 айдан кейін, 3-сі бірінші мөлшерден кейін 6 айдан соң. 0-1-3 ай 1-ші – таңдалған күн, 2-сі – бірінші мөлшерден кейін 1 айдан соң, 3-сі – бірінші мөлшерден кейін 3 айдан соң. Церварикс® 0-1-6 ай 1-ші – таңдалған күн, 2-сі бірінші мөлшерден кейін 1 айдан соң, 3-сі – бірінші мөлшерден кейін 6 айдан соң. Барлық жастағы топтар үшін 0,5 мөлшерлемеде (инъекция түрінде) бұлшықетке екпе салынады. Осы уақытқа қайталап егудің қажеттілігі бекітілмеген.

Екпенің тиімділігі

Бүгінгі күні, адам денесінде болатын папиломма вирусынан екі екпе бар, осы екпелер 16 және 18 АПВ-ы індетінің алдын алу үшін өте тиімді және қауіпсіз екендігін клиникалық сынаулардың нәтижелері растайды. Осы екі екпені АПВ- ы әсер еткенге дейін еккен тиімдірек. Екпені бірінші рет жыныстық қатынасқа түспес бұрын салған тиімдірек. Екпелер АПВ індетін немесе АПВ індетіне (ісік сияқты) байланысты ауруды емдемейді. Кейбір елдерде ер және әйел адамдарында жыныс мүше ісіктерінің алдын алу мақсатымен ер балаларға екпе салынады, басқа да екпелер ер адамдар мен әйелдерде жыныстық мүше кандиломасының дамуына жол бермейді.

Назар аударыңыз! АМСК мамандары үшін папиллома вирусының алдын алу туралы ақпарат

04.03.2019
Қараулар: 2130
coronavirusЛичный кабинет пациента Личный кабинет пациентаАкорда Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігі «БЖЗҚ» АҚ Antikor Премьер egovОфициальный интернет-ресурс Северо-Казахстанской областиӘділетruh.kz